"Ғашық көздерін көрдім": Кенталдың енесі олардың некесіне неге қарсы болған
Жарияланған күні:
Қалың көпшілікке Кентал лақап атымен танылған әнші Талғат Кенжеболатовтың енесі оған қатысты өз ойын айтты. Өнер иесіне қызын берген ана бастапқыда олардың жұбына қарсы болғанын екен. Алайда, кейіннен жұлдызды күйеубала көңілінен шығып, өз батасын берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Кенталдың енесі алғаш рет эксклюзивті сұхбат беріп, күйеубаласы жөнінде қандай ойда екенін ашық айтты. Мадина Абдуллаева әнші мен қызының қарым-қатынасы енді басталған кезде мүлдем қарсы болғанын жасырмады. Оның мұндай шешіміне Кенталдың жасы мен өнер адамы екені себеп болса керек.
Алайда, кейіннен қызынан ол туралы көбірек білген ана ойын өзгертіп, өз рұқсатын берген. Бүгінде жұлдызды ене күйеубаласын жер-көкке сыйғызбай мақтап, оны жақсы тәрбиелеп шыққан ата-анасына ерекше алғыс білдіруде.
"Милана маған келіп ол туралы айтып бергенде оны басқа қырынан тани түстім. Мен анамын ғой. Мен оның ғашық әрі бақытқа толы көздерін көрдім. Содан кейін Талғатпен кездесуіне өз рұқсатымды бердім. Толығымен қолдадым. Оны тек өнер адамы ретінде білдік. Ал қызымыз болашақ күйеубаламыздың шынайы өмірде қандай адам екенін айтып берді. Біз оған қызымыздың көзімен қарап көрдік. Біз оған сенеміз. Құда-құдағиларымыз керемет жандар. Талғаттай күйеубаланы сыйлағаны үшін құдағиымызға арнайы Дубайдан сақина жасатып, алдырдық" , - деді Мадина Абдуллаева "Paparazzi" бағдарламасына берген сұхбатында .
Айта кетейік, бұған дейін Кенталдың анасы да сұхбат беріп, келініне қатысты өз пікірін білдірген болатын. Ол келін ешқашан қызыңдай болмайтынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899618-gasyq-kozderin-kordim-kentaldyn-enesi-olardyn-nekesine-nege-qarsy-bolgan/