Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Жақында тұрмыс құрған әнші Daricorn жүкті екенін ерекше хабарлады

Жарияланған күні:

Дариға Нүркеева
Фото: Видеодан кадр

Халық арасында Daricorn лақап атымен танылған жас әнші Дариға Нүркеева мен оның жолдасы Дархан Жолшыбеков жақында алғаш рет ата-ана атанбақ. Жұлдызды жанұя тұңғышын күтіп жүргендерін оқырмандарына ерекше хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Танымал блогер өзінің алғаш рет әке болатынын 14 ақпан күні білген. Дариға Нүркеева оған сол күні тосын сый жасап, қатты таңғалдырған. Жас әнші жолдасына сыйлық тарту етіп, оның ішіне жүктілікті анықтайтын тест нәтижесін салып жіберген.

Мұндай жаңалықты мүлдем күтпеген Жолшыбеков үшін бұл аса қуанышты жағдай болғаны анық. Болашақ әке балалы болатынын естіген бойда орнынан тұрып, секіре бастады.

Жас жұбайлар өздерінің ерекше сәтімен Instagram желісінде бөліскен. Ерлі-зайыптылардың жанкүйерлері бірден оларды құттықтап, болашақ ата-анаға өз жүрекжарды тілектерін жолдады.

"Недеген керемет жаңалық. Жарайсың Дари күшті тосын сый жасапсың" , "Дарханның қуанышында шек жоқ. Бақытты болыңдар" , "Керемет жұп. Сәздер үшін қуаныштымын" , Саликалық ұрпақ болсын. Осы жұпты ерекше ұнатамын" , "Тіл көзден сақтасын. Тәтті жұпсыңдар" , "Өте көңілді жұп. Барлық бақытқа лайықсыңдар. Сендерден керемет ата-ана шығады" , "Құтты болсын. Сіздер үшін аса қуаныштымыз, тілекшіміз" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік, танымал блогер Дархан Жолшыбеков 18 қарашада Дариға Нүркееваға туған күнінде үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Кейін Қарағандыда әнші арудың ұзатуы өтіп, Тараз шаһарында жастардың үйлену тойы дүркіреп өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899637-ansi-daricorn-zaqynda-algas-ret-ana-atanbaq-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif