Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғын жалаңаштаған Назым Әбілдина елден оңбай сөз естіді (фото)

Опубликовано:

Назым Әбілдина
Фото: Instagram/nazym_abildina

"КешYou" тобында өнер көрсетіп танылған әнші Назым Әбілдина өзге әріптестерінен қалыспай, шетелге шығуды жөн көрген. Бүгінде ол Біріккен Араб Әмірліктерінде демалуда. Жас өнерпаз әлеуметтік желі арқылы қалың көпшілікке ыстық мекендегі күндері қалай өтіп жатқанын көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Назым Әбілдина демалысы кезіндегі суреттерімен Instagram парақшасында бөліскен. Алайда, олардың арасынан тек бір фото ғана елдің асқан қызығушылығын тудырған.

Жас әнші яхтада отырған сәтін жариялап, желі қолданушыларына өзінің мінсіз әрі түзу аяқтарын паш еткен.

"Бұл жерге лүпіл қалдырмай кетуге болмайды" , - деген қысқа жазба қалдырды ол аталмыш суреттің астына.

Әнші арудың талдырмаш мүсініне тәнті болған оқырмандар оның фотосын лүпілдетіп, өз жылы лебіздерін білдірген.

"Сенде бір мін жоқ" , "Недеген сурет, үлкен қыз болыпсың" , "Неткен әдемісің" , "Күннен күнге құлпырып бара жатырсың" , - деп жазған олар.

Алайда, аталмыш суреттер үшін Назым Әбілдинаны сынға алғандар да болды.

"Қарағым-ау, жапсаңшы. Бәрі ашылды, бәрі көрінді ғой" , "Жиіркенішті" , "Аяқ пен бөксені көрсетуден шебер болдық" , "Осылай тусетін қыздар жетім болама екен? Әлде ата-анасына тукіргені барма екен? Мына суреттері ата-анасын тірідей жерге көміп жатыр", "Ұят, бірақ қазір қазақ қыздарына мұндай көрініс қалыпты болып бара жатқаны алаңдаттырады" , "Айтарға сөз де қалмады. Енді сіз ғана қалып едіңіз. Неге біздің жұлдыздар жалаңаштануға құмар болып кетті?" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901482-ayagyn-zalanastagan-nazym-abildina-elden-onbai-soz-estidi-foto/

pixel