Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көпбалалы әнші Лидо мінсіз мүсінімен ерлер қауымын естен тандырды (фото)

Жарияланған күні:

Лидо
Фото: Instagram/lido_kz

Отандық танымал әнші Лидо төрт баланың анасы бол тұра, мінсіз мүсінін әлі де сақтауда. Өнер иесі желіде купальникпен түскен фотосын жариялап, қалың көпшілікті өзіне қаратты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Талдырмаш мүсінді Лидия Досалинаның суға түсетін киімдегі суреті Instagram парақшасында пайда болды. Әнші желідегі оқырмандарына өзінің бар дене сымбатын паш етіп, соңғы кезде армандап жүргенін айтты.

Белгілі болғандай, өнер иесінің бір өзі ғана ешкім жоқ жағалауға ұшып кеткісі келеді.

"Кейде мен жағалауға бірнеше күнге ұшып кеткім келеді. Бір өзім ғана. Бұл дұрыс емес пе? Мен мұндай жалғыз жан емес екенімді айтыңыздаршы" , - деп жазды Лидо.

Желі қолданушылары бірден шоу-бизнес өкілінің мұндай мәлімдемесіне қатысты не ойлайтынын жарыса жазды. Олардың басым көпшілігі Лидия Досалинаны қолдап, кейде өздері де осындай демалысты армандайтындарын жеткізді,

"Мені де ала кетіңіздерші", "Сіз жалғыз емессіз. Әрбір ана соны армандайтын шығар" , "Мен үйде қалуға келісемін. Отбасым менсіз демалып келсе де қуаныштымын" , "Лидо мен де ешкім жоқ аралға барып демалып қайтқым келеді" , "Аналарға арналған арал құрып, сонда демалуға жіберіп тұру керек" , "Сізді жақсы түсінемін. Әйелдер де шаршайды. Бізге де демалыс керек" , - деп жазуда оқырмандар.

Айта кетейік, бұған дейін "КешYou" тобында ән салған Назым Әбілдина желідегі ашық образы үшін елден оңбай сөз естіген болатын. Көпшілік оның бұл әрекетін қазақ қызына сай емес деп сөгіп тастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901509-kopbalaly-ansi-lido-minsiz-musinimen-erler-qauymyn-esten-tandyrdy-foto/