Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты ұқсайды": Жолдасымен суретке түскен Ахмадиева қызу талқыға қалды

Жарияланған күні:

Дильназ Ахмадиева жолдасымен
Фото: Instagram/dilnaz_akhmadiyeva

Қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиева күйеуімен түскен фотосымен бөлісіп, жанкүйерлерін бір қуантып алды. Ерлі-зайыптылардың суреті бірден елдің қызу талқысына қалған. Желідегілер олардың өзара қатты ұқсайтындарына қатты таңғалуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

40 жастағы Дильназ Ахмадиева бақытты отбасылық өмір кешуде. Әнші жолдасы Әзілхан Сейтебаевпен бірге Зейдан есімді ұлды тәрбиелеп отыр.

Өнер иесі бар уақытын кішкентай баласына арнап жүргенімен, шығармашылығы мен жанкүйерлерімен сырласуға да уақыт табуда. Жақында Дильназ қалың көпшілікті өзінің жаңа стилімен таңғалдырған болатын.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының бала босанғаннан кейін тез арада өз қалпына келіп алғанына тәнті болған. Олардың сөзінше, Ахмадиева ұлды болған соң одан бетер құлпырып кеткен.

Жақында әртістің жанкүйерлері оны "Достучаться до небес" атты жаңа комедиядан көре алады.

Көпшілік аталмыш фильмнің тұсаукесерін асыға күтіп жүрген кезде Ахмадиева оларды жолдасымен түскен ерекше суретімен қуантуды жөн көрген.

"Жолдасың фильтрмен сенен де жақсы көрінген қорқынышты екен" , - деп жазды ол.

Алайда, өнер иесінің табынушылары оның бұл пікірімен келіспей қойды. Олардың айтуынша, әнші бүгінде аса әдемі әрі керемет формада.

"Олай айтпаңыз. Сіз әдемісіз. Көптеген қызға үлгісіз" , "Босанғаннан кейін мұндай формаға келіп алу өте керемет. Одан бетер құлпырып шыға келдіңіз" , "Екеуіңіз қалай қатты ұқсайсыздар" , "Егіздер секілді" , "Әйелі мен күйеуі бір-біріне ұқсап кетеді деп жатады ғой. Сіздер шынымен қатты ұқсап кеттіңіздер" , Керемет жарасымды жұп. Бақытты болыңыздар" , "Айнымайсыздар ғой" , - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901985-qatty-uqsaidy-zoldasymen-suretke-tusken-dilnaz-axmadieva-qyzu-talqyga-qaldy/