Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық әнші "Украина дауысы" байқауында топ жарды

Опубликовано:

Диляра Дидарқызы
Диляра Дидарқызы. Видеодағы кадр: youtube.com/Голос країни

Қазақстандық Диляра Дидарқызы "Украина дауысы-11" жобасындағы сынақтан өтіп, Олег Винниктің командасына қабылданды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Диляра әлемдік жұлдыз Мэрайя Кэридің "My All" әнін орындаған.

"Жаңа ғана Қазақстаннан келген қатысушы "Украина дауысы-11" тыңдалымының соңғы кезеңін жапты. Осылайша, 4 мың шақырымнан астам жол жүріп келген Диляра Дидарқызы Олег Винниктің командасына соңғы қатысушы болып енді. Өткен жылы өзінің отандастары Индира мен Ерланға жанкүйер болған бойжеткен қазір өз бағын сынап көрді", – делінген Украина арнасында.

Диляраға жаттықтырушылар да, көрермендер де тік тұрып қол соққан. Ән соңында Олег Винник түймені басып, Диляраны өз командасының соңғы мүшесі ретінде қабылдады.

"Сенің үмітті ақтамауға еш мүмкіндігің жоқ, сондықтан да осында келдің, мен де осында келдім. Мен мұнда бірінші рет жаттықтырушы болып отырмын. Мен әрқашан адамдарға бақыт сыйлаймын деп айтамын, мен бақыттымын және сенің де бақыт сыйлағаныңды қалаймын. Біз мұны бірге жасаймыз", – деп қолдау көрсетті Олег Винник.

Еске салсақ, 12 жастағы елордалық Екатерина Табарина "Голос. Дети" шоуына қатысып, қазылар алқасының оң бағасын алды.

Қазақстандық қыз "Проснись и пой" әнін орындаған. Өнер көрсетудің соңында оған Баста (Василий Вакуленко) бұрылған. Жас әнші көзіне жас алған.

"Сіз маған енді жыламаймын деп уәде бере аласыз ба, жақсы ма? Менің де екі қызым бар. Олар жылай бастағанда, мен бірден жұмсарып, көңілді қарияға айналамын", – дейді музыкант.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902380-qazaqstandyq-ansi-ukraina-dauysy-baiqauyna-top-zardy/

pixel