"Ажырасып кеткен бе": Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова желіде бір-бірін өшіріп тастады
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдікәрімованың қарым-қатынасы желіде қызу талқыланып жатыр. Бірқатар жайттарға байланысты желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткенін болжауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қайрат пен Жұлдыздың жанкүйерлері соңғы уақытта жұбайлардың бірге бой көрсетпей кеткені мен балаларымен бөлек уақыт өткізіп жүргенін байқаған.
Сонымен қатар, жұлдызды әулеттің жаңа сәбимен толығуына орай ұйымдастырылған көңілді отбасылық отырыста Әбдікәрімова көрінбеген. Желідегілердің сөзінше, ол кезде актриса өз анасымен бірге киім таңдап жүрген.
Көпшіліктің мұндай күдігіне жұлдызды жүпқа қатысты тағы бір жайт себеп болды. Анықталғандай, бүгінде ерлі-зайыптылар әлеуметтік желіде бір-бірін өшіріп тастаған. Оның үстіне Жұлдыз Әбдікәрімова жолдасына ғана емес, енесіне де тіркелмеген болып шықты.
Тележүргізуші сегізінші наурыз күні отағасы сыйлаған гүл шоқтарымен де бөліспеді. Алайда, парақшасында Қайраттың қыздарына тарту еткен гүлдерін көрсетті.
Сондай-ақ, Қайрат Нұртас жақында ғана балаларымен уақыт өткізіп, қымбат мейрамханада тамақ ішіп қайтқан. Бірақ, Әбдікәрімова ол күні де жанұясының қасынан табылмады. Хитмен перзенттерімен өзі ғана кеш өткізген көрінеді.
Бұл жайттардың барлығы ерлі-зайыптылар жанкүйерлерін алаңдатуда. Олар жұлдызды жұптың арақатынасына аса қатты уайымдап жатыр. Желідегілер Қайрат пен Жұлдыздың парақшаларында пікірлерін жаудырып, олардың сұраұтың астына алды.
"Жұлдыз қайда? Неге сізбен көрінбей кетті?" , "Жұлдыз неге сізбен емес? Шілдеханада да көрінбеді" , "Балаларыңыз үшін татуласыңыздар" , "Ажырасып кетті дейді. Рас па екен?" , "Ажырасып кеттіңіздер ме? Неге бірге көрінбейсіздер?", "Сіздерді үнемі бақылап жүремін. Енді әрдайым екеуінің екі жақта жүрссіздер. Не болып қалды араларыңызда?" , "Жұлдыз абысыныңызды перзентханадан алып шыққанда неге ата-енеңіздің үйіне бармадыңыз? Ұрысып қалды деген өсектер рас па?" , "Неге отбасылық жиында көрінбедіңіз. Басқа жақта жүрдіңіз" , "Ұрысып қалды, ажырасты деп жатыр. Қаншалықты рас?" , - деп жазуда халық.
Алайда, жұлдызды әулет бұл қауесеттерге қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903026-bir-birin-osirip-tastagan-qairat-nurtas-pen-zuldyz-abdikarimovanyn-azyrasyp-ketkeni-ras-pa/