«Хабар» арнасы әлемдік вокалдық шоудың қазақстандық нұсқасын көрсетпек
Жарияланған күні:
Қазақстандық телевизия саласындағы ең құпия cырға толы жобаның басталуына 10 күннен аз уақыт қалды. Әлемнің 50-ден астам елінде танымал болған «Маска» музыкалық шоуы «Хабар» телеарнасынан 21 наурыз күні, сағат 19:15-те эфирге шығады. Қатысушылардың екеуі алтын адам мен көбелектің костюмдерінде өнер көрсететін белгілі болды.
Бағдарламаның басты идеясы - масканың астында кімнің жасырынып тұрғанын табу керек. Қатысушылар арасында музыканттар, актерлер, тележүргізушілер, вейнерлер, әзілқойлар мен спортшылар бар. Бірақ оларды тану қиын, өйткені қатысушылардың жүздері эксклюзивті маскалармен жасырылған.
Конкурс қатысушыларының шын есімдері сайыстан шығып қалып отырған кездерінде ғана белгілі болады. Әр шығарылымда қазылар алқасының мүшелері жобадан шығатын қатысушыны таңдап алуы керек.
Жобадан кетер кезде олар маскаларын шешіп, өздерінің кім екенін көрсетеді. Қазылар алқасы мен көрермендердің болжамдары түбінде дұрыс болмауы мүмкін. Қызыққа толы интрига финалда үш қатысушы қалғанша, үш ай бойы жалғасады. Тек бір ғана қатысушы жеңімпаз атанады.
Ұлттық телевизияның басты құпиясын жұлдызды қазылар алқасы ашады, олар: Ерке Есмахан, Мейіржан Төребаев, Жанар Айжанова және Марат Оралғазин.
«Бұл шын мәнінде маусымның хиті. Бұл жобаның «Хабар» телеарнасында жоғары рейтингтер көрсететініне сенімдімін, өйткені қызықтың көкесі сол жерде. Өмір бар, әзіл бар, шоу бар, интрига бар. Сондықтан менің ойымша, бұл шоуда біз барлық нәрсені көре алатын боламыз, - дейді танымал жүргізуші Марат Оралғазин.
Бірегей формат жасап шығарған Оңтүстік Кореяда бұл бағдарлама әлі күнге дейін ең танымал болып саналады. Корей елінің кейіпкерлерінде жануарлар, көкөністер мен жемістер бар.
Көрші Ресейде де «Маска» шоуы рейтингтер бойынша «Голос.Дети», «Лучше всех», «Точь-в-точь» сияқты бағдарламалардан асып түсіп, өткен жылдың ең үздік жобасы атанды. Қазақстан аталмыш вокалды телешоуын көрсетілетін 55-ші мемлекет болды.
Еске сала кетейік, «Маска» шоу-бағдарламасының тұсаукесері 21-ші наурыз күні, сағат 19:15-те өтеді. Жобаның жаңа шығарылымдарын «Хабар» телеарнасы әр жексенбі сайын, дәл осы уақытта көрермен назарына ұсынып отыратын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903042-xabar-arnasy-alemdik-vokaldyq-soudyn-qazaqstandyq-nusqasyn-korsetpek/