Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыпайы, ақылды": Иманбек өзіне қандай қыздар ұнайтынын айтты

Жарияланған күні:

Иманбек Зейкенов
Фото: Видеодан кадр

"Грэмми" алған қазақ баласы Иманбек Зейкенов сұхбат беріп, өзіне қатысты тың мәліметтерді ақтарды. Жас өнерпаз қыздардың бойында ұнайтын қасиеттер мен болашақта баласының қандай мамандық иесі болағанын қалайтынын айтты. Оған қоса, ол "Грэмми" жүлдесі қазіргі уақытта қайда екенімен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Танымалдылығы жер жарған музыкант Energy радиосына арнайы сұхбат беріп, көптің көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Белгілі болғандай, Иманбек әйгілі "Грэмми" жүлдесін әлі алмаған. Ол әзірге АҚШ-та екен.

Зейкеновтың сөзінше, оның теміржол саласынан түбегейлі кеткеніне шамамен бір жылдан астам уақыт болған. Ол бұрынғы жұмысын сағынбағанымен, сол салада өзімен еңбек еткен әріптестерімен кездескісі келетінін жасырмады.

"Мен теміржолды сағынбаймын. Жарқын жүзді әрі ақкөңіл әріптестерімді ғана сағындым. Бірақ, жұмыстың өзін сағынған жоқпын" , - деді ол.

Жүргізушілер сұхбат барысында одан танымалдылығы артқан бойда өмірінде бұрын-соңды болмаған қандай жаңашылдықтар пайда болғанын сұрады.

"Lada Priora. Бірге дұмыс істеу жөніндегі көптеген ұсыныстар мен қоңыраулар. Әзірге өзіме тек көлік қана сатып алдым" , - деді музыкант.

Сонымен қатар, Иманбек қыздардың бойында қандай қасиеттердің болғанын қалайтынын айтты.

"Сыпайы, тәрбиелі, қарапайым және ақылды болу керек" , - деді Зейкенов.

Оған қоса, жас өнерпаз болашақта ұлының музыкамен айналысқанын армандайтынын жеткізді. Алайда, оған қарамастан, Иманбек баласына қысым көрсетпей, өмір жолын өзіне таңдауға мүмкіндік беретінін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903575-sypaiy-aqyldy-imanbek-ozine-qandai-qyzdar-unaitynyn-aitty/