Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерғали Әбдірайымов: Еркін Нұржановты шапалақпен ұрамын деп, жағын сындырып алғам

Жарияланған күні:

Ерғали Әбдірайымов
Фото: Instagram/ergali_abdraimov

"Жігіттер" квартетінің продюсері Ерғали Әбдірайымов топтың белді мүшесі болған әнші Еркін Нұржановтың ұжымнан кетуінің себебін ашып айтты. Ол араларында белгілі бір кикілжіңнің болғанын растады. Оған қоса, Әбдірайымов жас өнерпазды тәрбиелемек болып оны шапалақпен ұрамын деп, абайсызда жағын сындырып жіберген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерғали Әбдірайымов бұған дейін еш жерде айтпаған мәліметтермен "Опмай-опмай" бағдарламасында бөлісті. Ол "Жігіттер" квартетімен жұмыс істеу жайында айтып, Еркін Нұржановтың мәселесіне жеке тоқталып өтті.

Белгілі продюсер кезінде шәкіртін тәрбиелеу мақсатында шапалақпен тартып жіберіп, оның жағын сындырып алғанын мойындады.

"Әр отбасыда әркім баласына әр түрлі тәрбие береді. Бір момын бала болса, оны шапалақпен тәрбиелеуге болмайды. Оның өзінің дәрісін тауып, өзге тәсілмен емдеу керек. Сол сияқты "Жігіттер" квартеті де сол кезде жұлдыз ауруына шалдығып, халыққа еркелеп, аспанға ұшып кетпесе де ұшайын деп тұрған кезеңдері болды. Сол керек кезде оны тоқтататын тәсілдердің біреуі болды десем болады. Олар шектен шыққан кезде шапалақ ұрған уақыттарым болды. Алайда, мен оларды әдейі ұрғаным жоқ. Жаман болсын деп ондай қадамға бармадым.
Менің жаңа кітабымда бірқатар шындық ашылды. Мәселен, онда Еркін Нұрданов жайлы толық жазылды. Оның топтан қалай кеткені және не себепті кеткені жазылды. Еркін екеуміздің арамызда бір кикілжіңдер болды. Бір кезде тіпті ағалық ретінде шапалақпен ұрамын деп, жа,ын сындырып алғанмын. Бірақ, мен жағын сындарайын деп жасаған жоқпын. Солай болып қалды. Ағалықпен қол жұмсап қойдым. Соның себебінен де арамыз алшақтау бастаған болуы да мүмкін. Өйткені, сол жайттардан кейін ол ортамыздан алыстай бастады" , - деп ағынан жарылды продюсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903583-ergali-abdiraiymov-erkin-nurzanovty-sapalaqpen-uramyn-dep-zagyn-syndyryp-algam/