Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төсі үлкейіп кеткен": Әнші Назиманың пластикалық отаға жүгінгені рас па

Жарияланған күні:

Назима
Фото: Instagram/13nazima

Қазіргі таңда Мальдив аралдарында демалып жатқан әнші Назима Жәнібекова желіде ашық образдағы суреттерімен көптеп бөлісіп жүр. Талдырмаш мүсінін паш еткен өнер иесінің жаңа фотолары ел арасында қызу талқыға қалды. Желідегілер шоу-бизнес өкілінің маммопластика жасатып алғанын болжады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Назима Жәнібекова Instagram парақшасында ыстық мекендегі демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетіп, барша жанкүйерелрін қуантты.

Өнер иесі жағалауда түскен ашық фотоларын жариялап, оның астында өз шығармашылығына қатысты тың мәліметтермен бөліскен.

"2020 жылы менің әндерімнің бағыттары алуан түрлі болғаны соншалық, кейде өзіме "мен шынымен осындай өлең шығардым ба?" деген сұрақ қоятынмын. Қазір болса мен әр қадамымды ойға салып бір-ақ басамын. Өлеңнің ырғағы, бағыты мен мәтінін жіті қадағалаймын. Мен шығарған әр туындының сапалы болып, жүректен шыққанын қалаймын. Қараша айынан бері әндер шығармауымның себебі де осы. Мен жаңа дыбыстарды іздеп жатырмын, түрлі музыканттармен жұмыс істеп көріп жатырмын. Маған ұнап қалған дүние бар. Жақын арада бөлісетін боламын" , - деп жазды ол.

Әншінің жанкүйерлері жаңа туындыларды асыға күтетіндері айтып, оның сұлулығына тәнті болғандарын жазуда.

"Неткен сұлулық" , "Ең әдемі әнші. Жаңа туындыларыңызды асыға күтудемін" , "Оңтүстіктің сұлуы", "Талдырмаш мүсінді ару" , "Дене сымбатыңызда мін жоқ" , "Шығармашылығыңызды жақсы көремін. Әндеріңіздің барлығы әсерлі, жүрекке жетеді" , - деп жазуда көпшілік.

Ал кейбір желі қолданушылары өнер иесінің суреттерін қараған соң, оның пластикалық отаға жүгінгенін жазуда. Олар Назиманың маммопластика жасатып, төсін үлкейтіп алғанын болжады.

"Назима төсіңізді жасатып алдыңыз ба?" , - деп сұрақтың астына алды әртіст.

Алайда, Жәнібекова бұл сауалды жауапсыз қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903694-tosi-ulkeiip-ketken-ansi-nazimanyn-plastikalyq-otaga-zugingeni-ras-pa/