Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Мақпал Исабекова алғаш рет сүйіктісімен түскен суретін жариялады (фото)

Жарияланған күні:

Мақпал Исабекова
Фото: Instagram/makosyai

Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова алғаш рет ғашығымен түскен суретін жариялады Алайда, шоу-бизнес жұлдызы сүйіктісінің түрін көрсеткен жоқ. Өнер иесі болашақ жолдасына деген сезімін білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова болашақ жолдасымен бірге түскен ерекше суретімен Instagram парақшасында бөліскен. Аталмыш фото ер азаматтың туған күнінде жарияланған.

"Бүгін ерекше күн. Себебі, бүгін менің сүйіктімнің туған күні. Жаратушы сені және сенің ата-анаңды сақтасын. Сен мені күнде бақытты етесің. Менің қамқоршым, ақ жүрегім. Асқақ армандарыңның барлығы орындалсын. Сен менің бақытым, қуанышым, отбасымсың. Мен сені қатты жақсы көремін. Саған бүгін мейрам жасағым келді. Сенің таңғалған бақытты көздеріңді көріп, тосын сыйым көңіліңнен шыққанына аса қуаныштымын", - деп жазды ол.

Әншінің махаббатқа толы жазбасына тәнті болған желідегілер жастарға жарыса бақыт тілеуде.

"Керемет жұп. Сіз сондай бақыттысыз. Бұл ер азаматыңыздың арқасы" , "Суретін ұзақ күттік. Енді біраз уақыттан соң түрін де көріп қалармыз" , "Мақпал сіз осы бақытқа әбден лайықсыз. Ұзақ күттіңіз ғой" , "Сіз керемет жансыз", "Недеген романтика. Бақытты болыңыздар" , "Тезірек балалы болуды нәсіп етсін" , "Осы махаббаттарыңыз мәңгіге ұлассын" , "Сезімдеріңіз өшпей, махаббатқа толы ғұмыр кешіңіздер" , "Бақытты болыңыз" , "Шын бақытты екені көрініп тұр. Көз тимесінші" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1904822-maqpal-isabekova-algas-ret-suiiktisimen-tusken-suretin-zariyalady-foto/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif