Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірге тұрмайды": Үй іздеп жүрген Жұлдыз Әбдікәрімова елді алаңдатып қойды

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Жақында ғана той кезінде ұсталып дауға қалған Қайрат Нұртас ел арасында қызу талқылануда. Желі қолданушылары әншіден бірден тағылған айыппұл жайлы сұрастырып әлек болды. Ал кейбір жанкүйерлері одан жары қайда екенін білгісі келді. Көпшілік ерлі-зайыптылардың бірге түскен суреттерін салмай кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Ал Жұлдыз Әбдікәрімова болса желіде жаңа үй іздеп жатқанын мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың Instagram желісінде жариялап жүрген жазбалары бірден ел талқысына қалуда. Бірі оның даулы мәселесіне қатысты пікірін жазса, тағы бірі отбасылық өмірі жайлы сұрақтар жаудырып жатыр.

"Қайреке айыппұл не болды?" , "Әкімдік Қайрат пен тойларды іздестіріп жатыр" , "Тойларға қызықпа" , "Не үшін қаштыңыз? 86 мың теңге үшін бе?" , "Жұлдызбен қарым-қатынастарыңызға не болды?" , "Бірге сурет жүктемей кетті" , "Жұлдызбен бірге көрінбей кеттіңіз ғой" , "Арақатынастарыңызға не болған" , "Бірге тұрмайды деп естідім" , - деп жазуда көпшілік.

Алайда, өнер иесі халықтың мұндай күдігіне жауап бермеді.

Сонымен қатар, Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің Instagram парақшасында жаңа үй іздеп жатқанын хабарлады. Ол балалары есейгендіктен бір бөлмеге сыймай жатқанын алға тартты.

Оған қоса, хитменнің жары бүгінгі үйлердің сапасын сынға алып, өз оқырмандарынан кеңес сұрады.

"Жақында стористе балалардың өсіп қалғанын, бір бөлмеге сыймай, таласып қала беретінін айтқан едім. Сіздерден біраз кері байланыс алдым. Бұл жағдай бәрінің болмаса да көптің басында бар екен. Қазіргі үйлердің сапасы сын көтере бермейді. Көршілермен бір үйде, бір бөлмеде тұрып жатқандай, дауыстары құлақтың түбінен анық естілетін де үйлер бар екен. Құрбым қалжыңдап “Көршілерде күнде концерт. Бүгін күйеуінің көңіл-күйі жоқ” деп бәрін біліп-естіп отырады. Қазақтың “Үй сыртында кісі бар” деген мақалын қазір тура мағынасында қолдана берсек болады" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1905166-birge-turmaidy-ui-izdep-zurgen-zuldyz-abdikarimova-eldi-alandatyp-qoidy/