Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пластикалық ота жасатты ма": Қайрат Нұртастың жары бар шындықты айтты (видео)

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің пластикалық ота жасатқаны туралы қауесеттерге нүкте қойды. Хитменнің жары өзінің бойындағы өзгерістер жайлы бар шындықты айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісінде өзінің қысқаша сұхбатын ел назарына ұсынып, онда көпшіліктің көкейінде жүрген сұраққа жауап берген.

Актриса жанкүйерлеріне қандай пластика жасағанын жасырмай айтып берді.

"Маған жиі қойылатын сұрақтардың бірі пластикалық отаға қатысты. Көпшілік "жасаттыңыз ба?" деп сұрағанда мен "иә" деп жауап беремін. Себебі, пластикалық отаны мен сыртыма емес, ішкі жан дүниеме жасаттым. Санама, көзқарасыма, өзімді бағалау сезіміне. Менде, бұрынғы Жұлдызда сенімділік мүлдем болмайтын. Сол сенімсіздіктің арқасында менде қорқыныш, үрей, күмән өте көп болатын. Кез келген қадамды жасайын десем менде күмән болатын.
Кез келген іске кірісейін десем мені қорқыныш жаулайтын. Бір сөзді айтайын десем де ұзақ ойланатынмын. Іштей ол сөздің дұрыс екенін біліп тұрсам да, оны айтуға қорқатынмын. Осы ішкі жан дүниеммен ұзақ уақыт жұмыс жасай келе, қазір бәрі орнына келді десем болады. Сондықтан менің ішкі сенімділігім менің сыртқы келбетіме өте көп әсер етті" , - деп ағынан жарылды Қайрат Нұртастың келіншегі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1905526-plastikalyq-ota-zasatqany-ras-pa-qairat-nurtastyn-zary-bar-syndyqty-aitty-video/