Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күлейін бе, жылайын ба": Жұлдыз Әбдікәрімова ажырасқаны жайлы қауесеттерге жауап берді

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде оқырмандарымен тілдесіп, олардың қойған сұрақтарына жауап бермек болды. Алайда, көпшілікті тек Қайрат Нұртас екеуінің қарым-қатынасы мен ажырасып кеткені жайлы қауесеттер қызықтырған. "Әлем ханымы-2020" бұл тақырыптар аясындағы сауалдар оған ұнамайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматылық мейрамханада ұсталып дауға қалған Қайрат Нұртастың отбасы әлі де көпшілік назарында жүр. Желі қолданушылары бір-бірін Instagram-да өшіріп тастап, бірге түскен суреттермен бөліспей кеткен ерлі-зайыптыларды ажырасып кетті деп болжауда.

Жұлдыз Әбдікәрімова өз жазбасымен ел арасында тарап жатқан қауесеттерді одан бетер ушықтыра түсті. Хитменнің жары балаларына бір бөлмеде тар болғандықтан, қазіргі таңда жаңа үй іздеп жатқанын хабарлады. Бұл жазбадан кейін көпшілік ерлі-зайыптылардың бөлек тұрып жатқандарына кәміл сенімді болды.

Ал күні кеше актриса желіде оқырмандарына барынша ашылып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап беруді шешті. Қойылған сауалдардан халықты тек қана жұлдызды отбасының тағдыры қызықтыратыны белгілі болды.

"Қайратпен ажырастыңыз ба? Әлде ажырасайын деп жүрсіз бе?" , - деп өз сұрағын қойды желідегілердің бірі.

"Сізде осы екі нұсқадан басқа нұсқа жоқ па?" , - деп жауап берді Жұлдыз.
Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-і
Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Келесі сұрақ эстрада жұлдызының жарын одан бетер таңғалдырды.

"Жолдасым ажырасып кетіпті ме? деп сұрайды. Өзі алып алатындай" , - деп сұрағын жолдады бір келіншек.

Бұл сұраққа Әбдікәрімова былай деп жауап берді:

"Күлейін бе? Жылайын ба? Оны сұраған күйеуіңізге де, күйеуңіздің сұрағын топшылаған сізге де ақ жол болсын. Ой Алла" , - деді ол.
Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-і
Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1905581-kuleiin-be-zylaiyn-ba-zuldyz-abdikarimova-azyrasqany-zaily-qauesetterge-zauap-berdi/