Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай төрт қабатты зәулім үйлерін көрсетті (видео)
Жарияланған күні:
Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Мирас пен Құралай қалың көпшілікке өз үйлерін көрсетті. Жұлдызды жанұя бүгінде төрт қабатты зәулім сарайда тұрып жатыр. Олар карантин кесірінен қоныс тойын өткізе алмағанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мирас пен Құралай "Опмай-опмай" бағдарламасының түсірілім тобын өз шаңырақтарында қонақ болып қайтуға шақырып, баспанасын толығымен көрсетіп шықты. Өнер иелері зәулім үйлерін аралатып, әр бөлмемен жеке-жеке таныстырып өтті.
Эстрада өкілдері арнайы тауға жақын орналасқан жерден үйді таңдап, онда жөндеу жұмыстарын өткізген. Зәулім сарайдың дизайнымен Құралай Бекжанова айналысқан. Ол арманында болған үлкен асханаға қол жеткізген.
Белгілі болғандай, жұлдызды жанұя жаңа шаңыраққа пандемия басталған уақытта көшкен. Карантиндік шаралар өршіп тұрғандықтан ерлі-зайыптылар қоныс тойын өткізе алмады. Соған байланысты, олар араға бір жыл тастап, алғашқы қонақтар легін қабылдауды бастаған.
"Негізі бұл үйге пандемия басталғанда көштік. Бұл жерде тұрып жатқанымызға бір жылдай уақыт болып қалды. Карантин енгізілген соң, ешкімді үйге шақыра алмай, қоныс тоын өткізе алмай қалдық. Өзіміз бен өзіміз тұрып жатырмыз. Енді достарымыз өзіміз шақырмасақ та, шетінен құттықтап өздері келіп жатыр" , - деді Мирас Бекжанов.
Бұл жолы жұлдызды шаңырақта тележүргізуші Анна Данченко қонақтап қайтты. Үй иелері журналиске зәулім сарайын ғана емес, өз балаларын да көрсетті.
Қос әнші бала-шағасын ел алдына көп шығаруды жөн көрмейтін жұлдыздар қатарына жатады. Бүгінде ерлі-зайыптылар үш қыз бен бір ұл тәрбиелеп отыр екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1907464-zuldyzdy-zup-miras-pen-quralai-tort-qabatty-zaulim-uilerin-korsetti-video/