Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алла жолында жүрсең, өлең айтпай-ақ қой": Жеңісхан Момышев әншілерге шүйлікті

Жарияланған күні:

Жеңісхан Момышев
Жеңісхан Момышев. Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал режиссер Жеңісхан Момышев дін жолында жүрген әншілерді сынап тастады. Шоу-бизнес жұлдызы олардың бірқатар әрекеттеріне көңілі толмайтынын ашық айтып, намаз оқитын әртістерге өлең айтпауға кеңес берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жеңісхан Момышев Алла жолында жүрген әншілерге ел алдында жүріп өнер көрсетудің қажеті жоқ деп есептейді. Режиссердің бұлай айтуына өзіндік себебі де бар болып шықты. Ол өз жан айқайын "Опмай-опмай" бағдарламасында айтты.

"Шетелдің киімдері қалай бөлінетініне келіп жатырмыз. Сондықтан біреу ашық-шашық киінеді, біреу ұзын киеді, біреу бес уақыт намаз оқиды. Ол бұлай киіне алмайтынын айтады. Біздің әншілердің ішінде "мен бес уақыт намаз оқимын, менің клипімде олай істеуге болмайды" деп жатады. Демек, сен басқа режиссерге бару керексің, басқалай ән айту керексің.
Егер Алла жолында болсаң, өлең айтпай-ақ қой. Сен бес уақыт намаз оқимын деп, жұмыс істеуге дайындалған команданы бұзасың да, өзіңе қарай ыңғайластырасың. Ал кейін бейнебанды алғанда "ешкімге ұнамай жатыр ғой" деп айтасың. Сондықтан қате әншінің өзінде. Бес уақыт намазды адам өзі үшін оқиды. Халық үшін емес. Ал бізде бұл жайт тренд болып кеткен. Маған мынаны болмайды, ананы істеуге болмайды деп айтады" , - деді Момышев.

Оған қоса, кино саласының маманы бірде хиджаб киіп, кейін оны шешіп тастап кетіп жатқан жұлдыздар туралы да ойын айтты.

"Бізде намаз оқитындар образ жасап алады ғой. Өзің үшін ощисың, айтпа ешкімге. Олар той таңдауға кіріседі. Ал үйінде ақша болмаса, ол киімін ауыстырып қайтадан кетеді. Біздің эстрадада жүрген қыздар хиджабты бір киіп, бір шешіп жүр. Бір күні хиджабпен жүрсе, ертесіне фотосессияда жүреді. Олар ойнап жүр" , - деді режиссер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1908045-alla-zolynda-zursen-olen-aitpai-aq-qoi-zenisxan-momysev-ansilerge-suilikti/