Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жынды болсаң осы": Айқынның жариялаған видеосы желіні жарды

Жарияланған күні:

Айқын Төлепберген
Видеодан кадр: Instagram/aikyn

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген әлеуметтік желіде әзіл ретінде түсірілген видеосымен бөлісіп, қалың көпшілікті күлкіге қарық қылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Төлепберген әншілік пен блогерлікпен қатар енді "Тик-Ток" желісін жаулауға кіріскен. Өнер иесі Instagram парақшасында күлкілі видео жариялап, желідегі оқырмандарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бейнежазбада әншінің толық арудың кейпінде билеп тұрғанын көруге болады.

"Жынды болсаң осы. Тик-ток не істетпейді. Күйеубала екеуіміз қалай түсіргенін білгіңіз келсе, сторисқа кіріңіздер" , - деген жазба қалдырды Айқын видео астында.

Аталмыш бейнеролик қалың көпшілікті күлкіге қарық қылып, санаулы уақытта мыңдаған қаралымға ие болды. Желі қолданушылары әншінің әзіл ретінде түсірілген видеосына тәнті болып, оған қатысты өз ойымен бөлісуде.

"Қайта-қайта қарай бергің келеді" , "Күлкімді тоқтата алмай отырмын" , "Қатырасыз, шығармайтындарыңыз жоқ" , "Қандай күлкілі, маған керемет көңіл күй сыйладыңыз" , "Карантин не істетпейді" , "Әншілік пен блогерлікті қойып, енді тиктокер болып кетпеңіз" , "Басқаларға қарағанжа, сіздердікі ұйқасып шыққан" , "Айқын әрайым жаңашылдыққа жақын жүреді" , "30 рет көрген шығармын" , "Ұят секілді" , "Не дегенмен әнші деген атыңыз бар. Сіз үшін ерсілеу сияқты" , "Осы қалып еді енді көрмеген" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909158-zyndy-bolsan-osy-aiqynnyn-zariyalagan-videosy-zelini-zardy/