"Сегіз жас кіші": Актриса Жанель Мақажан алғаш рет сүйіктісі туралы айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал актриса Жанель Мақажан жеке өміріне қатысты тың мәліметтермен бөлісті. Өнер иесі алғаш рет сүйіктісі туралы айтып, қарым-қатынастары қалай өрбігенін баяндап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жанель Мақажанның таңдауы Абай Асылхан есімді актер жігітке түскен. Қос ғашықтың махаббат хикаясы достықтан бастау алған.
"Біз дос болдық қой. Дос ретінде араласып жүрдік, бірге видеоларды түсіріп жүрдік.Екеуміз де өлең оқығанды жақсы көреміз. Сол секілді дүниелерді жасап жүре көп әңгімелесе бастадық. Әңгіме арасында бір-біріміздің жанымыз жақын екенін түсіне бастадық. Солай келе, бір-бірімізді түсінгеннен кейін сезім де пайда болды" , - деді актриса.
Бұған дейін ғашығы туралы тіс жармайтын Жанель Мақажан "Папарацци" бағдарламасында ағынан жарылып, ол туралы бар шындықты айтты. Белгілі болғандай, сері жігіт актрисадан сегіз жас кіші екен. Алайда, бұл жас айырмашылығы ғашықтардың махаббат құруына еш кедергісін келтірмеген.
"Менің адамым - Абай Асылхан. Ол да актер, өнер саласынан. Бір-бірімізді түсінетіміз де соның арқасында болар.Көп нәрсеге көзқарасымыз бірдей. Екеуміз бір бағытта қараймыз, бір бағытта жұмыс істейміз. Адами тұрғыда өзімізге қатысты көп нәрсені әңгімелесе отырып шешкеннен кейін бізде көп ұқсастық бар. Сол себепті, бұл менің адамым деп еркін айта аламын. Арамыз сегіз жас. Біреу түсінсе, бірі түсінбей жатар. Қазір мен махаббат жасқа қарамайды деген ұғымды шынайы түсіне бастадым", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909863-segiz-zas-kisi-aktrisa-zanel-maqazan-algas-ret-suiiktisi-turaly-aitty/