Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мінсіз мүсінін паш еткен Лидо ерлер қауымын естен тандырды (фото)

Опубликовано:

Лидо
Фото: Instagram/lido_kz

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Лидия Досалина Instagram парақшасында өзінің мінсіз мүсінін паш етіп, барша ерлер қауымының назарын өзіне аудартты. Көпбалалы ананың дене сымбатына қыз-келіншектер де тәнті болуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Лидо теңіз жаңында секірген суретін жариялап, желіде қызу талқы тудырды. Суретте өнер иесі суға түсетін киіммен бой көрсетті.

"Фото үшін бұлай биік қалай секіруге болады деп отырған боларсыздар? Оның ешқандай құпиясы жоқ. Мәселенің барлығы ракурста. Бар болғаны төменнен түсіру керек. Оқасы жоқ", - деп суретке түсу құпиясымен бөлісті Лидо.

Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызының дене сымбатына тамсанып, оған өз жылы лебіздерін білдірді.

"Сіз кереметсіз. Көпбалалы ана бола тұра осындай мүсінге ие болу бір ғажайып", "Фигруаңыз от екен", "Мына парақша тым ыстық болып бара жатқан секілді", "Осы кісіге ғашықпын. Мінсіз адамдар бар екен ғой", "Талдырмаш мүсініңіздің құпиясы неде", "Мен үшін үлкен мотивация болдыңыз. Сіздей болуға тырысамын", "Дене сымбатыңызда мін жоқ", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1912164-minsiz-musinin-pas-etken-lido-erler-qauymyn-esten-tandyrdy-foto/

pixel