Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрімізге сабақ болды": Ләйлә Сұлтанқызы Қазандағы қанды оқиғаға пікір білдірді

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Қазан қаласында орын алған жантүршігерлік оқиғаға қатысты өз ойын айтты. Ақпарат өкілі бұл жағдайдан сабақ алып, еліміздегі жастардың қаруды қолдануын шектеуге шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы күллі әлемді дүрсілкіндірген оқиға өзіне аса ауыр тигенін жасырмады. Тележүргізуші бұл жағдайдан соң, өз еліміздегі жастар мәселесін мықтап қолға лау керектігін ескертті. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтты.

Ақпарат өкілі ата-аналарға қашанда балаларымен сөйлесіп, олардың ортасы туралы барлығын біліп бақылап отыруға шақырды.

"Қазандағы жағдай бәрімізді бір сілкіп алды. Еліміз бойынша мектептегі-балабақшадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы бүкіл бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатыр. Жастар арасында қару қолдануды шектеуге қосылам. 18-ге тола салып қолына қару беретін солдат емес қой былай қарасаң бұл балалар. Сосын саналы, жауапкершілігі бар ата-ана баласымен сөйлескеніне сенімдімін. Баланың іс-әрекетіне, қоршаған ортасына бақылау жасауды ұмытпау керекпіз. Досы кім, қызығушылығы не, тіпті қалтасында не бар екеніне дейін білген артық етпейді. Бұл жағдайдан сабақ алып, алдын алу баршамызға қатысты нәрсе. Абай болайық", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1912261-barimizge-sabaq-boldy-laila-sultandagy-qazandagy-qandy-oqigaga-qatysty-pikir-bildirdi/