Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызды болғым келеді": Жақында ғана ана атанған Айжұлдыз өз арманын айтты

Жарияланған күні:

Айжұлдыз Адайбекова
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Жанар Айжанованың қызы болашақта тағы да балалы болғысы келетінін ашық айтты. Айжұлдыз Адайбекова ұлы Назардың артынан қарындасы еріп жүргенін қатты қалайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жас ана өзінің асқақ армандарының бірімен Instagram парақшасында бөліскен. Айжұлдыздың оқырманы оған енді қызды болуға қатысты сұрақ жолдаған. Дизайнер ару бұл сауалды жауапсыз қайтармай, өз жан сырын ақтарды.

"Қызды болғым келеді, қатты. Бәрі Алланың қалауымен. Армандар картам мен визуализацияда бұл арман бар. Бірақ, қашан екенін білмеймін. Мүмкін екі-үш жылдан кейін болып қалар", - деп жауап берді Адайбекова.
Айжұлдыз Адайбекованың Stories-і
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Айта кетейік, бұған дейін Жанар Айжанованың қызы жеке өміріне қатысты бар шындықты ақтарды. Жақында ғана ана атанған жас дизайнер жолдасынан ажырасып кеткенін мәлімдеді. Ол өзінің мұндай шешіміне не себеп болғанын да айтып берді. Айжұлдыз Адайбекова енесі өзге келінді қалағанын жайып салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917165-qyzdy-bolgym-keledi-zaqynda-gana-ana-atangan-aizuldyz-oz-armanyn-aitty/