Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анандиге ұқсайды": Актер Рамазан Амантай әйелін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Рамазан Амантай жарымен
Фото: Instagram/ramantay

"Қазақша бизнес" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдайтын отандық актер Рамазан Амантай бойдақтықпен қош айтысып, отау құрды. Өнерпаз желіде алғаш рет келіншегімен бірге түскен фотосын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жақында шаңырақ көтерген Рамазан Амантай желідегі оқырмандарына әйелін алғаш рет көрсетті. Ол сұлу келіншегімен түскен фотосын Instagram парақшасында бөліскен.

Өнер иесі желі қолданушылардан жарының Ананди рөлін сомдаған танымал үнді актрисасы Авика Горға қаншалықты ұқсайтынын сұрады. Қалың көпшілік қос арудың өзара ұқсастығын ерекше атап өтті.

"Өте жарасымды жұп", "Анандиден асып түседі", "Анандиден де әдемі екен жарыңыз", "Келіншегі көрсетті-ау", "Бақытты болыңдар, көз тимесін", "Бір-біріңізге де ұқсайтын сияқтысыздар", "Әйелінің түрі таныс болып тұр. Актриса емес пе", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917966-anandige-uqsaidy-akter-ramazan-amantai-aielin-korsetti-foto/

pixel