"Жасын сыйлайық": Сәдуақасова сынға қалған Роза Рымбаеваны жақтап шықты
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова эстрада дүлділі Роза Рымбаеваға қатысты даулы оқиғаға пікір білдірді. Ол Халық әртісіне жаудырылған сыни пікірлердің орынсыз екенін айтып, көпшілікті әр адамның жеке ойына сыйластық танытуға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мадина Сәдуақасова Иманбек туралы пікір білдіргені үшін аяусыз сынға ұшыраған Роза Рымбаеваны жақтап, оған өз қолдауын білдірді. Әнші Instagram парақшасында жазба жариялап, бұл туындаған мәселеге қатысты не ойлайтынын аышқ айтты.
"Қап-ай, ыңғайсыз болды-ау. Әрине, Иманбектің ремикстарын күллі әлем тыңдап, тамсанып, әлемдік деңгейдегі сарапшылар небәрі 20 жасар қазақ баласының шығармасына Grammy-ды беріп, қателеспем Орта Азиядан Grammy ұтып алған алғашқы музыкант біздің Иманбек, көрші Ресей елінің халқы біздер үшін қуанып, құттықтап жатты. Сөзсіз Иманбек бағы жанған, өте талантты , білімді , қарапайым біздің мақтанышымыз!
Бірақ , еліміздің Халық әртісін, 40 жылдан астам өнерде еңбек етіп жүрген Роза Қуанышқызына соншама ауыр сөздер жазып, жерден алып, жерге салып жатқанын көру өте ауыр. Бұл ол кісінің жеке ойы, жасын сыйлайық, құрметпен қарайық, достар! Деймін да Иманбектің бағын ашқан, қазіргі таңда әлемді шайқап келе жатқан ремиксы "ROSES деп аталады", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Әли Оқапов та бұл даулы оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын. Ол анасының ойымен келіспейтінін айтып, Иманбектің барша тыңдармандарынан кешірім сұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1921368-zasyn-syilaiyq-saduaqasova-synga-qalgan-roza-rymbaevany-zaqtap-syqty/