Қысқа көйлек киген Ләйлә Сұлтанқызы елді өзіне қаратты (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде қысқа көйлектегі суретін жариялап, ел назарын өзіне аударды. Ақпарат өкілінің образына қатысты оқырмандардың пікір екіге бөлінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісінде өзіне жазылған қыз-келіншектерге көптеген келелі кеңестерін беріп тұрады. Бұл жолы тележүргізуші парақшасындағы әйелдер қауымына киіну үлгісіне қатысты өз ойын айтты.
Ақпарат өкілі оларды әр түрлі ұзындықтағы әрі түрлі түсті киімді араластырып киюден қорықпауға шақырды. Сондай-ақ, Сұлтанқызы өзінің қысқа көйлектегі фотосын ел назарына ұсынды.
"Көйлек туралы опростан соң, мені оқитын қыз-келіншектің көбі ұзын етек, жабық киім ұната ма деп қалдым. Әр түрлі ұзындықтағы киімді, түрлі түсті киімді араластырып киюден қорықпаңыз. Дегенмен киімге келгенде әркімнің өз таңдауы бар. Талғамға талас жоқ. Өзіңізге ұнаса болғаны.Ең бастысы ол көйлек сіздің бойыңызға, фигураңызға, жүзіңізге жарасып тұрсын. Әйелдің жан дүниесі де, сырт келбеті де, киген киімі де гүлдей жайнап, жарқырап тұрса қандай керемет", - деп жазды тележүргізуші.
Ақпарат өкілінің ерекше образына қатысты желі қолданушыларының пікірі екі түрлі болып шықты. Бірі оның киім таңдаудағы батылдығына тәнті болып жатса, енді бірі керісінше оны сынап тастаған. Олар Ләйлә Сұлтанқызына жасына сай киінбегені үшін шүйліккен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926459-qysqa-koilek-kigen-laila-sultanqyzy-eldi-ozine-qaratty-foto/