"Махаббаттарына таң қалам": Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасы туралы айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова желіде ата-анасының демалысы кезіндегі суреттерімен бөлісіп, оларға жазба арнады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қайрат Нұртастың келіншегі ата-анасының өзара асқан сыйластығы мен махаббатына таңғалатынын айтты. Оның айтуынша, әкесі мен анасының арасындағы сезім жылдар өткен сайын күшейе түсуде.
"Анам мен әкемнің арасындағы махаббат пен сыйластыққа таң қалам. Қанша жылдар мен жолдардан өтіп келе жатыр. Жай ғана өтіп емес, сезімдері жайқалып, толысып, даналықпен сабақтасқан ілтипатқа ұласуда", - деп жазды Әбдікәрімова Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары Жұлдыздың бұл сөздерінен кейін ата-анасына жылы лебіздерін жаудырып, оларға өз ақ тілектерін жолдады.
"Көп жасасын. Бақытты күндері көп болғай", "Сіздей қызды тәрбиелеп өсірген ата-ана мықты ғой", "Ата-анаңыздың ғұмыры ұзақ болсын", "Қандай керемет. Көз тимесін", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927717-maxabbattaryna-tan-qalam-zuldyz-abdikarimova-ata-anasy-turaly-aitty/