"Ашық сөйлесетін уақыт келді": Аша Матай желіде өз құпиясын ашты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал тележүргізуші Аша Матай оқырмандарына барынша ашылып, желіде өз құпиясын бөлісті. Өнер иесі қос сәбиін босанғаннан кейін қалай қалпына тез келгенін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Аша Матай артық салмақтан арылудың құпиясын ашуға желідегі оқырмандары итермелегенін айтты. Ақпарат өкілінің сөзінше, оның Instagram парақшасына келетін хаттардың басым көпшілігі осы мәселе аясында екен.
Тележүргізуші жанкүйерлерінен жасырмай, арықтауына қатысты бар шындықты ақтарды. Сонымен қатар, ол барша қыз-келіншектерді сұлу болудан қорықпауға шақырды.
"Сәлем, достар! Алдыңғы постымда айтқанымдай, сіздермен шынайы әрі ашық сөйлесетін уақыт келді. Күнделікті менің дайректіме мынандай хаттар келеді: қалай салмақ тастадыңыз, азып кетіпсіз, қандай шаралар қолдандыңыз деп. Әрине, маған салмақ тастау оңай болған жоқ.
Өздеріңіз білетіндей менің екі қызым бар. Жүкті келіншектерде болатын проблемалар мені де айналып өтпеді. Босанғаннан кейінгі депрессияны қоспағанда, артық салмақтан арылу қиын болды.
Сіздер бізді, яғни, танымал адамдарды ылғи әдемі әрі сымбатты кейіпімізде көріп үйренгенсіздер. Бұл маған одан әрі ауыр болды. Себебі, тезірек артық салмақтан тастап, сымбатты қалпыма түскім келді. Әрбір әйел өз ортасында, отбасында, күйеуінің алдында сымбаты келіскен сұлу жар болғысы келеді. Сәнді көйлегін киіп, әдемі болғысы келеді. Мен де осы жолда арманымдағы салмаққа қол жеткізу үшін көп күш салдым.
Сонымен, мен қанша келі тастағанымды білесіз бе? Бірінші жүкітілігімде 7 айдың ішінде -32 кг! Екіншісінде 4 айда -19кг салмақтан арылдым. Қуанышымда шек жоқ, әрине, бәріне қолымды бір сілтеп тастап кеткім келген кездер болды. 10 кг-нан соң, соған да шүкір деп жүре бергім де келді. Бірақ, мені қазіргі қалпыма қол жеткізуге итермелеген менің жұмысыма деген махаббатым мен қойған мақсатым.
Қымбатты менің оқырмандарым! Бақытты болатын сәт келді! Сұлу болудан қорықпаңыздар! Бәрімізде қиындықтан өтеміз: артық салмақ, сөгу, төмен самооценка, наразы көзқарастар. Бірақ, бұл бәріне қол сілтеп отыра беру деген сөз емес. Әрқашан шығар жол табылады.
Өздеріңізді қолға алып, бұрын жасауға қорыққан нәрсені жасаңыздар! Әр әйел адам әдемі болғысы келеді! Айнаға қарап өзіне тамсанғысы келеді! Бәрібір, әрқайссымыз идеал дене қалаймыз ғой" , - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927842-asyq-soilesetin-uaqyt-keldi-asa-matai-zelide-oz-qupiyasymen-bolisti/