"Сүйеді екен ғой": Жанболат пен Жазираның отау құрғанына 25 жыл болды
Жарияланған күні:
Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі саналатын Жанболат пен Жазираның отау құрғанына 25 жыл болды. Соған орай, Байырбекова желіде ерекше жазба жариялап, жолдасы екеуінің студенттік кезін есін алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жазира Байырбекова Instagram парақшасында күйеуі екеуінің шаңырақ көтергеніне биыл 25 жыл болғанын хабарлап, жанкүйерлерімен ерекше естелігімен бөлісті.
"27 жыл бұрын жатақхананың дәлізінде, дәл біздің есігімізге жақын жерде неге гитарамен ән айтып отыра беретінін енді түсіндім. Сүйеді екен ғой. Отбасын құрғанымызға 25 жылдан асты.", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпты бірден құттықтап, өз ақ тілектерін жолдады. Олар Жанболат пен Жазираны нағыз үлгі тұтатын отбасы деп санайтындарын айтты.
"Керемет. Жұптарың жазылмасын. Осылай елге сыйлы болып жүре беріңдер", "Құттықтаймыз. Бақытты болыңыздар. Перзенттеріңіздің қызығына тоймай жүре беріңіздер", "Сіздер нағыз махаббат символысыздар", "Сіздерден үлгі аламыз. Отбасыларыңыз керемет. Көпшілікке үлгі", "Әрдайым осылай бақытты болып жүре беріңіздер", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928382-suiedi-eken-goi-zanbolat-pen-zaziranyn-otau-qurganyna-25-zyl-boldy/