Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмір бойы аш жүресің": Ашуға булыққан Джуринская оқырманын сотқа бермек

Опубликовано:

Жәния Джуринская
Фото: Instagram/djurinskaya

Отандық танымал актриса Жәния Джуринская желіде өзіне жағымсыз пікір жазған оқырманына шүйлікті. Өнер иесі ашуға қатты булығып, жеке басына тіл тигізген жігітті сотқа беретінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская өзіне ауыр сөздер жазған оқырманын Instagram парақшасындағы Stories бөліміне шығарып, қалың көпшілікке масқара қылды. Ер адам актрисаға қатысты ойын аса арсыз сөздермен жеткізген.

"Тумайтын қатын екенсің, тірлігің тырдай жалаңаш жүру, болды", – деп жазған ол.

Желі қолданушысының бұл пікірі өнер иесінің ашуын келтіргені соншалық, ол жігітті сотқа бермекші екенін айтты.

"Сенің үстіңнен арыз жазамын, сен және сенің отбасың моральдық шығынды өтеймін деп өмір бойы аш өтесіңдер", – деп жазды Джуринская.

Киножұлдыз жағымсыз пікірге еті үйренгенін атап өтті. Алайда шектен шыққан адамдарды орнына қойып, жазасыз қалдырмайтынын кесіп айтты. 

"Хейтке үйреніп қалғанмын. Қуанышқа орай, менің жақтастарым әлдеқайда көп. Бірақ ол дегеніңіз мен үндемейді деген сөз емес. Шектен шыққан кез келген адамның быт-шытын шығарамын", – деді Джуринская.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1929883-omir-boiy-as-zuresin-asuga-bulyqqan-dzurinskaya-oqyrmanyn-sotqa-bermek/

pixel