Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзі бөпе": Ағайынды Жүгінісовтердің кішісі Мұхамедәлінің үйленгені рас па (фото)

Жарияланған күні:

Мұхамедәлі Жүгінісов бейтаныс арумен
Фото: Instagram/qaz.stars

Желіде әнші Мұхамедәлі Жүгінісовтің бейтаныс арумен түскен суреттері тарап, қалың көпшілік арасында қызу талқыланды. Желі қолданушылары жас өнерпаздың отау құрғанын аңғарып қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұхамедәлі Жүгінісовтің белгісіз бойжеткенмен түскен фотолары Tik-tok желісінде жарияланған.

Суретте қыздың қазақи нақышта киініп алғанын және жастардың қол ұстасып тұрғандарын көруге болады.

Оқырмандардың басым көпшілігі жас әншіні шаңырақ көтерді деп болжады. Олар желіде тараған фотолар жастардың құдалығы кезінде жасалған деп есептейді.

Жүгінісовтердің кішісінің үйленгені жайлы ақпарат желі қолданушыларын аса қатты таңғалдырды. Олар өнер иесінің әлі де жасы кішкентай деп ойлап келген.

"Бұл бала да үйленетін жасқа келген бе?", "Сене алар емеспін. Өзі әлі бөпе емес пе", "Екеуі де бала ғой. Не де болса, бақытты болсын", "Өте қазақ тəрбиесін бағалап өскен отбасы. Жақсы көремін", "Ағасының алдын борап кетті", "Бұл кішкентай бала қашан өсіп кеткен", "Біреудің баласы тез өсіп кетеді деген осы шығар", "Мен оны әлі кішкентай деп жүрсем", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930533-ozi-bope-ansi-muxamedali-zuginisovtyn-uilengeni-ras-pa-foto/