Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтынай Жорабаеваға күйеуі су жаңа Infiniti сыйға тартты (фото)

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева
Алтынай Жорабаева жолдасымен. Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva/

Отандық әнші Алтынай Жорабаеваға күйеуі су жаңа көлік сыйға тартты. Infiniti маркалы темір тұлпарды ерлі-зайыпты салоннан алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көлік суретін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген ол күйеуінің өзіне деген ыстық ықыласы туралы жазды. Ол өмірлік серігі Әлішер мырзамен арада болған диалогты оқырман назарына ұсынып, жанкүйерлеріне ой тастады.

"Жаным”, “сүйем”’ “жақсы көремін” деген сөзді көп айтса, қадірі кетеді деп жатады.

Немесе, іштей, үндемей жақсы көру керек дейді көп адамдар. Бұған не дейсің?", - деген әншінің сауалына ол:

"“Жаным”, “жақсы көремін”, "сүйемін" деп айтпасаң, бір күні ол сөздің тіпті қажеті де болмай қалады. Керісінше, сезіміңді білдірген сайын, жақсы көретініңді айтқан сайын, махаббат беки түседі", - деп жауап берген екен.

Еске салсақ, жұлдыз былтыр мамыр айында екінші мәрте тұрмысқа шыққан. Бұл жолды ол ерікті түрде таңдағанын және тұрмысқа шығу үшін төрт қызының рұқсатын алғанын ол желіде жария еткен.

"Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Рамазан айында керемет жаңалығым бар. Адамның емес, Алланың қалауы болады. Маған және төрт қызғалдағыма қорған, қамқоршы болатын бағбан берген Аллаға сансыз шүкір. Әрине, мен әуелі ата-анамның ақ батасын, қыздарымның келісімін алдым. Енді осы қадамыма сіздердің, аяулы оқырмандарымның да ақ тілегін алсам деймін. Бақытты адам басқаға да бақ тілейді. Бізге де жақсы тілектеріңізді арнасаңыздар екен. Алла тілектеріңізді еселеп қайтарсын өздеріңізге", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930968-altynai-zorabaevaga-kuieui-su-zana-infiniti-syiga-tartty-foto/

pixel