Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шешініп түспеші": Мінсіз мүсінін паш еткен Жанар Дұғалова елден оңбай сөз естіді (фото)

Опубликовано:

Жанар Дұғалова
Фото: Instagram/zhanar_dugalova

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жанар Дұғалова желіде жаңа фотосымен бөлісіп, ел сынына ұшырады. Қалың көпшілік өнер иесінің образын тым ерсі деп санап, оны аяусыз сөгіп тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанар Дұғалова Instagram парақшасында жаңа образдағы суретін жариялап, көпшіліктің ашуын тудырды. Желідегілер әншінің тым ашық киіне бастағанын бетіне басып, оған деген наразылығын білдірді.

"Жанар қазақтың қарапайым қызы едің ғой. Сен де Кәмшаттар секілді болып бара жатырсың. Өтініш, бұдан кейін шешініп фотоға түспей-ақ қойшы", "Жанар ақылы бар қызсың ғой. Барынша жабық киінуге тырыссаңшы", "Еркектерді өздерің осылай құратсыңдар. Өзіміздің қазақи ұзындау келген киімдерді кисеңдер қайтеді", - деп жазуда ашуға булыққан халық.

Алайда, оқырмандар арасында эстрада жұлдызының мінсіз мүсініне тәнті болғандар да бар.

"Сізге бәрі жарасымды", "Елді тыңдамаңыз. Сіз біреудің қалауындай киінуге міндеетті емессіз", "Әркімнің өз талғамы бар. Әркім қалай киінсе де өзі біледі", "Фигураңызға ғашықпын", "Мүлдем қартаймайды. Әркез жассыз", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1933947-sesinip-tuspesi-minsiz-musinin-pas-etken-zanar-dugalova-elden-onbai-soz-estidi-foto/

pixel