Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ең керемет сыйлығың үшін рахмет": Айым Сейтметова жолдасына әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Айым Сейтметова жолдасымен
Фото: Instagram/aiymsm

Отандық танымал актриса Айым Сейтметова желіде жолдасына әсерлі жазба арнап, оған алғысын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айым Сейтметова шаңырақ көтергеніне екі жыл болуына орай, Instagram парақшасында жолдасына деген сезімін білдірді.

"Ыстық махаббатың үшін рахмет. Мен сені осы қалпыңда шексіз жақсы көремін. Сенің бойыңдағы ештеңені өзгерткім келмейді. Біздегі бардың барлығын бағалаймын. Ең керемет сыйлығың үшін рахмет. Бірге өткізген бақытты екі жылымыз үшін рахмет. Ары қарай бұдан да жақсы болады. Біздің қолымыздан бәрі келеді. Себебі, біз біргеміз", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Айым Сейтметованың "ең керемет" сыйлық деп нені меңзегенін біле алмай әлек болды. Олар өнер иесін сұрақтың астына алды. Көпшілік киножұлдыздың аяғы ауыр деп болжады.

"Сүйікті жұбым", "Бақытты болыңыздар", "Бақыттарыңыз еселене берсін", "Махаббаттарыңыз баянды болсын", "Ең керемет сыйлық дегеніңіз сәби болар", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938789-en-keremet-syilygyn-usin-raxmet-aiym-seitmetova-zoldasyna-aserli-zazba-arnady/

pixel