Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көз тимесін": Әйелімен фотосессия жасаған Тәуекел Мүсілім елді сүйсіндірді

Жарияланған күні:

Тәуекел Мүсілім жарымен
Фото: Instagram/mahonti__

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Тәуекел Мүсілім келіншегімен аса ерекше фотосессияға түсіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Су жаңа суреттермен актердің жары Махаббат Мүсілім өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Олар фотосессияларын қыш жасау шеберханасында өткізген. Фотодан ерлі-зайыптының бірге қыш ыдыс жасап жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары жас жұбайларға тәнті болып, оларға өз жылы лебіздерін жаудырған.

"Керемет жұп", "Сіздерді мақтан тұтамын", "Нағыз үлгі алар отбасысыздар", "Көз тимесін", "Сондай күшті жарасасыздар. Бақыттарыңыз баянды болсын", "Сіздер үшін қуаншытымыз. Осылай күліп ойнап жүре беріңіздер", "Сондай бақыттысыздар. Тіл көзден сақтасын", "Мен де осындай махаббат хикаясының болғанын қалаймын", "Сіздердің жолдарыңызды бізге берсін", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940268-koz-timesin-aielimen-fotosessiya-zasagan-tauekel-musilim-eldi-suisindirdi/