"Істі полицияға тапсырамын": Дина Төлепберген 15 жасында жүкті болған жасөспірімге қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген ел арасында шу тудырған 15 жастағы қыздың мәселесіне қатысты өз ойын айтты. Ақпарат өкілі істің мән-жайын анықтамақ болып, қос тарапты да студияға шақырған. Алайда, олар өзара келісе алмай, бағдарлама соңы төбелеске ұласқан. Журналист эфирді тоқтатуға мәжбүр болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Дина Төлепберген аяғы ауыр болып қалған жасөспірім мәселесін Instagram парақшасында көтерген. Ол келесі бағдарламада "қызды жүкті еткен" жігітпен сұхбаттасып, оның шындығын білуге тырысатынын айтты.
Сонымен қатар, тележүргізуші бұл істі полицияға тапсыратынын жеткізді.
"Бүгінгі бағдарламадағы "он бестегі мама" ел аузында. Көрермен екіге бөлінді, бірі - партада отырудың орнына перзентханаға барып, босанғалы отырған Диананы жұбатса, екіншілері оны "жүкті еткен" деп айыпталып жатқан Алматқа жаны ашыды. Бүгін студиямызда екі ана кездесті. Екеуі де өз баласын ақтап әлек. Бірі - қыз 15-те екенін айтпаған десе, ендігісі - ұл біліп тұрып, төсекке сүйреген дейді.
Диана Алматтың туыстарымен таныс болып шықты. Сол кезде "2002 жылғымын, бірінші баламның әкесімен ажырастым, наркоман еді" депті. Мұны қыз мойындады. Бірақ Алмат осылай айтқызған деп отыр. Ашуға ерік беріп, төбелеске ұласқан соң, эфирді үзуге мәжбүр болдым бүгін. Ертең Алматтың өзімен танысамын. Студияда сұқбаттасамын.
Артынан істі полицияға тапсырамын. Дерек пен дәйектердің бәрін анықтап, таптық, погондағыларға жұту ғана қалды. Тағы айта кетерлігі, Алмат Диананың ішіндегі бала менен емес пе деп күдіктенеді. Эмбрионның нақты неше апталық екенін анықтау үшін УЗИ аппаратын да алдырттық. Ертең бірге білеміз. Есептеп-ақ, ақиқатқа жетуге болады", - деп жазды Төлепберген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940485-isti-policiyaga-tapsyramyn-dina-tolepbergen-15-zasynda-zukti-bolgan-zasospirimge-qatysty-pikir-bildirdi/