Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тележүргізуші Анна Данченко сыңсу айтып, қыз ұзата бастады (видео)

Жарияланған күні:

Анна Данченко
Фото: Instagram/ann_2905

Қазақстандық танымал тележүргізуші Анна Данченко той-бизнеске қарай бет бұрды. Ақпарат өкілі думанды шараларға шығып, қыз ұзата бастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко бұл салаға қалай қадам басқанын өзінің Instagram парақшасында ашып жазды. Белгілі журналист құрбысының қалауын орындауға мәжбүр болған.

Ол желіде сыңсу айтып, өзінің жан досын ұзатып жатқан сәтінен видео жариялады.

"Алғаш рет қыз ұзаттым. Осыдан бір ай бұрын құрбым Мерейлім екеуіміз той туралы сөйлесіп отырып “Кім ұзатады?” деген сұраққа тоқталып өттік. Сонда, құрбым : “Сіз ұзатсаңызшы” , - деп күлді. Бәрі сол жай сөзден басталды. Мен көп ойландым, себебі мен әнші емеспін, айтарлықтай музыкалық білімім жоқ. Бала және студент кезде ән байқауларына қатысқаным болмаса, “үлкен сахнаға шығып ән айтам” деген арманым болмапты.
Содан, Мерейлім Қарақат ханымның “Қызға тілек” әнін таңдады. Мен студияға барып бірнеше рет дауысымды жаздым. Распевка жоқ, дайындық жоқ - өзіме мүлдем ұнамады. Соңғы нұсқасына тоқталдым. Олай болса, қабыл алыңыздар. Құрбым үшін ән айтып кеттім ғой. Бірақ әнші болмаймын. Жаным, бақытты болыңыз! Сіз үшін барлығына дайынмын ғой. Өміріңіздегі ең маңызды сәттердің бірін маған сеніп тапсырғаныңызға көп рақмет! Құрметтеймін! Жақсы көремін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941000-telezurgizusi-anna-dancenko-synsu-aityp-qyz-uzata-bastady-video/