Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердос Қанаев: Пайда үшін жұмыс істеп жүргенде "ұлт үшін қызмет етем" дегенді жаттап алу керек

Опубликовано:

Ердос Қанаев
Фото: Instagram/ erdoskanaev

"Жігіттер" квартетінің мүшесі Ердос Қанаев желіде жаңа жазба жариялап, елді ойландырды. Өнер иесі пайда мен атақ үшін жұмыс істейтіндер туралы сөз қозғады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ердос Қанаев аталмыш жазбасымен Instagram парақшасында бөліскен.

"Нан табу үшін, күн көру үшін, атағыңды шығару үшін жұмыс істеп жүргенде "халқым үшін, елім үшін, Отан үшін", "ұлтқа, елге, қазағыма қалтықсыз қызмет етем" деген сөздерді жаттап алу керек. Мықты реңк береді", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әртістің бұл ойына қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі оны қолдап жатса, екіншілері астарлы сөздеріне әзілмен жауап берді.

“Жоғары жаққа барғанда үйрену керек, солар ғой айтатын”, “Мен де солай ойлап жүрмін”, “Жалған намыс қой ол”, “Ойландырып тастадыңыз ғой кейбіреулерді, ашығын айттыңыз”, “Халық үшін қызмет ету бір басқа, халқым үшін деу бір басқа”, “Сіздің жазғаныңызды оқысам, көңілім көтеріледі", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942174-erdos-qanaev-paida-usin-zumys-istep-zurgende-ult-usin-qyzmet-etem-degendi-zattap-alu-kerek/

pixel