"Көмек сұрайтындар көбейді": Дариға Бадықова өзінен көмек сұрап, артынша ақыл айтатын әйелдерге шүйлікті
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова желіде өзінен алдымен көмек сұрап, кейін жеке өміріне араласатын оқырмандарына шүйлікті. Өнер иесі оларға өзгенің жеке шекарасынан өтпеу керектігін түсіндірді деп жазады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Дариға Бадықова азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Актриса онда өзінен түрлі жағдай бойынша көмек сұрайтындарға қатысты пікір білдірді. Өнер иесінің айтуынша, олардың көбі көпбалалы аналар.
"Көпбалалы ана" едім. Баламның памперсіне ақшам жоқ еді, "Алла разылығы үшін көмектесші" деп өтініш хат жазатын әйелдерден кейде: "Жүре бергенше неге туып алмайсың?" деген ақыл естіп жатамыз. Парадокс. Жалпы "жеке шекара" дегенді ұғыну үшін біздерге әлі тағы бірнеше жыл қажет болады-ау. "Әркім өз-өмірін өз қалауынша сүреді", "ақылды тек сұрағанда ғана айту керек" деген қарапайым этикеттің өзін арнайы пост жазып түсіндіруіміз керек болды.
Негізі "көпбалалы ана едім" деп көмек сұрайтындар көбейді, расымен. Балам ішіп кетті, балам шегіп кетті, деген хатта көп. Баланың көп болғаны жақсы ғой, әрине. Бірақ ол балалар үшін жауапкершілікке басқа адамның қатысы қанша? Қысқасы, ойлану керек. Ойланып әрекет ету керек. Шекарадан өтпеу керек", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942195-komek-suraityndar-kobeidi-dariga-badyqova-ozinen-komek-surap-artynsa-aqyl-aitatyn-aielderge-suilikti/