"Әр сөзінің мәні бар": Халыққа сағынышын жеткізген Төреғали Төреәліге ел риза болды
Жарияланған күні:
Қазақстандық жұлдыз Төреғали Төреәлі желіде жаңа жазба жариялады. Ол халыққа деген сағынышын өлең жолдары арқылы жеткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Төреғали Төреәлі қалың көпшілікке деген сағынышын арнайы өлең жолдарымен білдірген. Әнші Instagram парақшасында ақындық шеберлігін тағы бір мәрте паш етіп, оқырмандарын тәнті етті.
"Алқалы жұртым, армысың?! Төрт көзің түгел, бармысың?! Көрмегелі көп болды, Сағынып жаным қалды шын.
Сендерді жырлап өтейін Кеткенше бойдан әл-күшім. Ұлыңды ақын еткізген Өздеріңнің алғысың", - деп жазды әртіс.
"Ұлы дала баласының" бұл сөздері тыңдармандарының жүрегіне жеткен. Олар әншіге риза болып, оған өз жылы лебіздерін білдірген.
"Осы Төреш не айтса да, әрбір сөзінде мағына мен мән бар", "Жортқанда жолың болсын, ақын бала", "Жарайсың Төреш. Халқың да сені сағынып қалды", "Аман-есен жүре бер бауырым", "Қашан сахнаға шығасың. Әндеріңді сағындық", - деп жазды көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942552-ar-sozinin-mani-bar-xalyqqa-sagynysyn-zetkizgen-toregali-torealige-el-riza-boldy/