"Жоқшылықты көрдік": Дариға Бадықова жастық шағын есіне алды
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова сүйіктісіне енді ғана тұрмысқа шыққан сәтін есіне алып, көпшілікпен бірқатар қызықтармен бөлісті. Өнер иесі отбасын құрған шақта жоқшылыққа тап болғанын жасырмайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дариға Бадықова басынан өткен оқиға туралы Instagram парақшасында сыр шертті. Киножұлдыз қаржы тапшылығы болған кезде жолдасмен тойларға еріп барып, дастархандағы тамақты алып кетіп жүргенін айтты. Актриса мерекелік шарадан алып келген еттен тағам әзірлеген.
"Тойға барып, кәмпит жинадым. Енді үйленген кезімізде Дархан екеуміз пәтерде тұрдық. Жазда қатты ыстық, қыста жан-жақтан жел улеп, қатты суық болатын. Құдайға шүкір, ешкімнен нан сұрап жемедік, өз күнімізді өзіміз көретінбіз. Дархан тойға баратын, асаба болып. Ол кезде тойға арзанға барады, кейде заттай беретін. Жұрт көрген жоқшылық жетіспеушілікті көрдік қой, несін жасырайын. Сол жоқшылықтың бір мысалын айтайын.⠀
Дархан тойға кетеді. Мен 1-2 сағаттан кейін артынан барам. Аңдығаным тамадаларға жасалатын үстел. Білесіздер ғой, жұмыс жасап жүргесін асаба-музыканттарға үстел жасалады.Олардың отырып алып тамақ жеуге, уақыттары жоқ қой. Шұқып-шұқып қояды. Мен пакетімді көтеріп барам кәмпит-сәмпиттерін анау-мынауларын салып әкетем үйге. Кей тойларда иелері кәдімгідей жіліктеп ет қояды. Мен сол еттің бәрін салып алам. Кей тойларда иелері азын-аулақ қана бірдеңе қояды. Онда тек. Кәмпиттерін ғана алам.
Содан тойлардан әкелген кәмпиті бар, еті бар, үйге әкеп морозильникке тыға берем, тыға берем. Біздің тойымыз үйленген соң сразу емес, 3-4 айдан кейін болды. Менің тыққан кәмпиттерім әжептәуір 5-6 кг болған ғой. Сөйтіп өз тойымызға кәмпит сатып алмадық. Ал піскен еттерді шетінен кесіп тамақ жасаймын. Кейде сол етті пиязбен жейтінбіз. Әйтеуір экономияның қамы ғой", - деп жазды ол.⠀
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942724-zoqsylyqty-kordik-dariga-badyqova-zastyq-sagyn-esine-aldy/