"14 жыл": Бейбіт Қорған жұбайымен отау құрған күнін шетелде атап өтті
Жарияланған күні:
Отандық шоу-бизнес жұлдызы Бейбіт Қорған келіншегі екеуінің отбасы құрғанына 14 жыл болғанын айтты. Бұл атаулы күнді ерлі-зайыпты Түркияда атап өтуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Бейбіт Қорғанның Instagram парақшасынан белгілі болды. Өнер иесі қалың көпшілікке демалыстары қалай өтіп жатқанын көрсетіп, шетелге шығу себебін де айтып өтті.
Әншінің келіншегімен отау құрғанына 14 жыл болған. Соған байланысты жұлдызды жанұя Түркияда демалып қайтуды шешкен.
"Ассалаумағалейкум құрметті ағайын-туысқандар! Қалайсыздар? Бүгін біздің шаңырақта үлкен той! Жұбайымызбен бір-бірімізге шыдап келгенімізге 14 жыл болды! Шын жүректен Алладан сіздерге де біздікіндей шыдам тілеймін!
Отау құрғандарына 30, 40, 50 тіпті 60 жылдық той тойлап жүрген үлкен кісілердің шыдамдарына таң қаламын! Тіл-көзден аман болайық! Қазақтың барлық шаңырағында құт-береке,бақыт болсын, Алланың нұры жаусын деп тілеймін", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942790-14-zyl-beibit-qorgan-zubaiymen-otau-qurgan-kunin-setelde-atap-otti/