Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен де ашуланамын": Айгүл Мүкей өзін сынағандарға жауап берді

Жарияланған күні:

Айгүл Мүкей
Фото: Instagram/aigulmukei

Отандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей желіде өзіне жағымсыз пікір жазып, сынға алғандарға жауап берді. Ақпарат өкілі елдің сөзіне қатты көңіл бөлмейтінін кесіп айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айгүл Мүкей азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Тележүргізуші өзін орынсыз сынаған жандарға шүйліккен.

Ол өзінің тарапына айтылатын жағымсыз сөздерге еті үйреніп қалғанын жеткізді.

"Мен туралы көпшілік түрлі пікір жазады. "Жасына қарамай не істеп жүр?" дейді. Мен қалай әрекет ететінімді айтайын. Мен де ашуланамын, ренжітемін, бірақ ұзақ уақыт алаңдамаймын. Білесіз бе, мен өзіме мүлдем ғашық емеспін, мен олардың көп мақтағанын ұнатпаймын. Мен өзіме сүйсініп таңғалмаймын, сондықтан фотосессия көп жасамайтын шығармын. Бірақ, бәрібір - мен жүргізушімін және актерлік білімім бар. Сондықтан - сахна, экран, инстаграм және тик-ток мені әрқашан өзіне тартады", - деп ағынан жарылды журналист.

Айгүл Мүкей өзі жайлы артық пікір жазып, уақытын жоғалтатындарға таңғалатынын айтты. Тележүргізушінің сөзінше, олар жағымсыз дүниелер жазып өз уақытын өлтіріп жатыр.

"Мен ашулымын, бірақ мен бұл туралы шамамен 20 минут қана ойлаймын. Сосын бір түкіремін де, әрі қарай жүремін.
Ал ғайбат айтатын, таласатын, талқылайтындарды шынымды айтсам түсінбеймін. Менің оларға уақытым жоқ. Мен басқа нәрсе үшін, шығармашылық пен қозғалыс үшін жұмыс істеймін. Барлығына махаббат пен сәтті күн тілеймін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942812-men-de-asulanamyn-aigul-mukei-ozin-synagandarga-zauap-berdi/