Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сырдың сұлуы": Ұлттық образдағы Гүлнұр Оразымбетова елді тәнті етті (фото)

Жарияланған күні:

Гүлнұр Оразымбетова
Фото: Instagram/gulnurorazymbetova

Отандық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова желіде ұлттық нақыштағы образын паш етіп, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Көпшілік өнер иесінің асқан сұлулығына тамсанған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлнұр Оразымбетова қазақи киіммен түскен фотосымен Instagram парақшасында бөліскен.

"Үкілі кәмшат болмаса да,бүрмелі көйлек,әдемі кәжекей киген келіншектен бір сәлем. Қазақтың қыздарының бәрі әдемі", - деп жазған әртіс.

Желі қолданушылары әншінің ерекше ұлттық образына тәнті болып, оған жылы лебіздерін жарыса білдірген. Олар өнер иесінің сұлулығына тамсанған.

"Әдемілік, әдемі қыздарға (келіншектерге) жарасқан. Өте әдемі болып тұрсың, Гүлнұр", "Мінсіз. Қазақтың арулары осындай болу керек", "Сұлулықтың эталоны", "Өте жарасымды", "Керемет образ екен. Сізге сондай жарасады", "Сырдың қыздары сұлу ғой", "Қазақтың әдемі қызы, келіні, азаматтың жары, балаларының анасы. Талғамың өте жоғары", "Əдемісің, бойыңда əйелдік нəзіктік, бетіңде ұят, жүрегіңде иман бар. Бақытты бол сіңілім", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942932-syrdyn-suluy-ulttyq-obrazdagy-gulnur-orazymbetova-eldi-tanti-etti-foto/