"Қанша оқиға бастан өтті": Элизат Берікова құрбысы Сара Амангелдіге әсерлі жазба арнады
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Элизат Берікова "Кешью" тобында өзімен бірге өнер көрсеткен құрбысы Сара Амангелдіге желіде жазба арнады. Ол өзімен 10 жыл бойы дос болып келе жатқан жанға ыстық ықыласы мен махаббатын білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Элизат Берікова Сара Амангелді туралы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Әнші құрбысымен талай оқиғаны бастан өткізіп, көптеген кезеңдерді бірге еңсергенін алға тартты.
"Достығымызға 10 жыл болыпты. Достық бар жерде сыйластық. Қанша оқиға бастан өтті, қанша кезеңдерден бірге өттік. Достың аты дос", - деп жазды өнер иесі.
Белгілі болғандай, қос арудың достығы "Кешью" тобына қабылданғанға дейін басталған. Олар бір университетте оқыған. Таныстықтары сол білім ордасында орын алған.
Алдымен, Элизат пен Сара "Лашын" тобында өнер көрсетіп, кейін бірге "Кешью" тобына қабылданған болатын. Алайда, арада бірнеше жылдан соң Элизат Берікова тұрмысқа шығуына байланысты топтан кетуді жөн көреді. Одан кейін Сара Амангелді де ұжым құрамынан шығуды ұйғарады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1943826-qansa-oqiga-bastan-otti-elizat-berikova-qurbysy-sara-amangeldige-aserli-zazba-arnady/