Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің арыстаным": Әйгерім Қалаубаева ер жеткен ұлын көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Әйгерім Қалаубаеваның ұлы
Видеодан кадр: Instagram/aikerim_kalaubaeva_official

Отандық танымал әнші Әйгерім Қалаубаева қалың көпшілікке ер жеткен ұлын көрсетті. Желі қолданушылары перзентін таныстырған өнер иесіне тәнті болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әйгерім Қалаубаева ұлының видеосын Instagram парақшасында жариялады.

"Мына отырған арыстан кім? Менің жолбарысым ғой. Елін, жерін сүйетін, қорғайтын азаматым өсіп келе жатыр, ИншАлла", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің ұлына тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдірді.

"Әдемі жігіт болып өсіпті, тіл-көзден аман болсын”, “Көп уақыт өткен бе. Өзіңіз сол күйі жассыз. Біраз өсіп кетіпті. Алла амандық берсін. Қызыңызды көрсетіңізші”, “Ұлыңның бар екенін естімептім. Күшті. Аман болсын”, “Мықты бір азамат болып, өзіңе қамқор болып аман-есен өсе берсін”, “Дені сау, елдің азаматы болып өсе берсін", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944149-menin-arystanym-aigerim-qalaubaeva-er-zetken-ulyn-korsetti-video/