"Сен жүктісің деді": Джуринская аяғы ауыр екенін жолдасы қалай біліп қойғанын айтты

Опубликовано:

Жәния Джуринская күйеуімен
Видеодан кадр: Instagram/khizmetov

Жақында ғана аяғы ауыр екенін жария еткен Жәния Джуринская бұл жаңалықты алғаш қалай білгенін айтып берді. Актрисаның сөзінше, оның сәби күтіп жүргенін өзінен бұрын күйеуі түсініп қойған. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісінде жазды.

Жәния Джуринская Instagram парақшасында жүктілігі туралы жолдасына қалай хабарлағанын көрсетті. Ол бақытты сәтінің видеосымен бөлісіп, қалың көпшілік назарына ұсынған.

Бейнежазбада актриса күйеуіне кезекті видео түсіреміз деп алдап, соңында қалтасынан жүктілікті растайтын тестті алып шығады. Бұл сәтте Данияр Хизметов аса қатты қуанып, әйелін көтеріп алады.

Алайда, өнер иесінің айтуынша, жақында балалы болатынын одан бұрын жолдасы біліп қойған. Ол келіншегінің ішін ұстағанда бір нәрсе өзгергенін сезіп, оған "жүктісің" деп айтқан.

"Біртүрлі болды. Данияр қолын ішіме қойып: "Бірдеңе өзгерді, сен жүктісің", - деді. Ол кезде ішімде енді ғана жаңа өмір пайда болған еді", - деп бөлісті Джуринская. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946660-sen-zuktisin-dedi-dzurinskaya-ayagy-auyr-ekenin-zoldasy-qalai-bilip-qoiganyn-aitty/

jitsu gif