Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"23 мың теңге алимент аламын": Элизат Берікова ажырасқан әйелдердің жанайқайын жеткізді

Жарияланған күні:

Элизат Берікова
Фото: Instagram/elizaberikova007

Отандық танымал әнші Элизат Берікова желіде маңызды тақырыптардың бірін көтерді. Ол ажырасқан әйелдердің мәселесі жайлы өз жанайқайын жеткізді. Өнер иесінің өзі бүгінде балалары үшін небәрі 23 мың теңге алимент алып отырғанына күйінді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы бұл туралы өзінің Instagram парақшасында айтты. Ол жақында ғана жолдасымен заңды түрде ажырасып кеткен.

"Мен қазір екі балаға алимент аламын, 23 мың теңге. Бұл не мазақ? 23 мың теңгеге екі балаға не әпересің? Бұл ақшаға бір балаға қыстық етік алуға болады. Сонда екінші бала жалаң аяқ жүре ме? Менің күнім алиментке қарап тұрған жоқ. Бірақ жұмыс істемейтін келіншек болса ше? Ол екі баласын қалай бағады? Мен түсінбеймін. Ондай отбасылар бар ғой. Көбінесе әйелдері үйде отырады. Ал ертең ажырасқан жағдайда, оның бірден жұмыс табуы да қиын. Бізде барлық жерде тәжірибеге қарайды. Сонда ол әйел не істейді?" - деп ашынды Берікова. 

Айта кетерлігі, әнші ару некесі сәтсіз аяқталғанымен, күні алиментке қарап қалмағанын айтады. Ол бүгінде сән салонының иесі. Жүріп тұрған кәсібі, танымалдылығы тағы бар.

Алайда, Элизат елімізде көптеген келіншектердің жұмыс істемейтінін, ал ажырасқан жағдайда нансыз қалатынын айтып күйінді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947698-23-myn-tenge-aliment-alamyn-elizat-berikova-azyrasqan-aielderdin-zanaiqaiyn-zetkizdi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 1

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Rrrreekkk

Менин ажыраскым келмиди, айелим сол алимент алу ушин ажыраскысы келеди, алимент айына 300мын шыгады керемет кой оган акшаны алып кыдырып кулак тыныш кой деитин кожа жок жургени, сол ушин неге еркектер киналу керек. Менин оиымша ким биринши арыз берсе, сол адам алимент толеу керек. Казир ерлердинде аиелдердинде кукыгы бирдей соны неге ешким тусинбиди

Comment reaction
jitsu gif