"Өмірімде үлкен өзгерістер орын алуда": Ақбота Сейітмағамбет елді қызықтырып қойды

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Бүгінде Түркияда демалып жатқан Ақбота Сейітмағамбет өмірінде үлкен бір өзгерістер орын алып жатқанын айтып қалды. Желі қолданушылары өнер иесінің жазбасын қызу талқылап, оның нені меңзегенін анықтауға кірісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет жанкүйерлеріне Стамбулдағы күндері қалай өтіп жатқанын желіде белсенді түрде көрсетуде. Әнші тарихи қаланың әсем жерлерін аралап, жақсы демалыс өткізуде.

Оған қоса, өнер иесі өз өмірінде болып жатқан жайттардан да сыр шертуді жөн көрген. Ол қазіргі уақытта өмірінде үлкен өзгерістер болып жатқанын айтты.

"Өмірімде үлкен өзгерістер орын алып жатыр! Аллаға сансыз Шүкір! Бақыттымын", - деп жазды ол Instagram парақшасына.

Желі қолданушылары бірден әртісті сұрақтың астына алды. Олар Ақботадан нақты қандай өзгерістер орын алып жатқанын білуге асықты.

"Қуаныштымыз", "Бақытты бол. Әбден лайықсың", "Өмірлік серігіңді жолықтырдың ба?", "Тұрмысқа шығайын деп жатырсың ба?", "Махаббатыңды жолықтырдың ба?", "Дәуренге қайта қосылсаң жақсы болар еді. Кім қателеспейді?", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948638-omirimde-ulken-ozgerister-oryn-aluda-aqbota-seiitmagambet-eldi-qyzyqtyryp-qoidy/

jitsu gif