Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіме ұқсаған сұлу": Ерке Есмахан қымбат көлігін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан қалың көпшілікке өзінің көлігін көрсетті. Өнер иесі Lexus 570 маркалы автоны тізгіндейтін болып шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан жаңа жыл қарсаңында темір тұлпарын толық жөндеуден өткізген. Бұл туралы әншінің Instagram парақшасынан белгілі болды.

Ол желіде көлігімен түскен фотосын жариялап қойған.

"Жаңа жыл алдындағы ғажайып күндер мен түндер өтіп жатыр. Сұлу көлігім одан сайын сұлуланып кетті, өзіме ұқсап", - деп жазды әртіс.

Желі қолданушылары шоу-бизнес өкілінің фотосына қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі оның қымбат көлігіне қызықса, енді бірі Еркені "мақтаншақ" деп сынға алған.

"Керемет көлік, бізге де бұйырсын", "Жалғызбасты ана болса да, үлкен жетістіктерге жете алатынын дәлелдеді. Жарайсың", "Қандай күшті көлік. Өте қымбат қой", "Осы мақтана бергенді қашан қоясыңдар", "Мақтана бермеші", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1949265-erke-esmaxan-qymbat-koligin-korsetip-elge-maqtandy-foto/

pixel