Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басқаны кінәлаймыз": Ләйлә Сұлтанқызы отандастарын барынша сақтануға шақырды

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы барша қазақстандықтарға үндеу жасап, елдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты пікір білдірді. Ақпарат өкілі коронавирустың өршіп кетуіне халықтың дертке, сақтық шараларына салғырт қарауы себеп болғанын кесіп айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы отандастарына коронавирустың қаупін тағы да бір ескертіп, оларға барынша сақтануға кеңес берді. Тележүргізуші эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына басқаны кінәлағанша, адам алдымен кінәны өзінен де көру керек екенін жеткізді.

"Кейбір сауда орталықтарында ashyq-ты тексеріп кіргізсе, кейбіреулері тіпті тексермейді де. Ал статустың жасыл не көк екеніне кейде мән бермейді. Оны өзім де бірнеше жерден байқаған болатынмын. Осы ашық арқылы аурудың көбеюін тоқтатамыз, карантин ертерек бітіп, бұрыңғы қалпымызға тезірек келуге көмектеседі деп ойладық қой. Әттең-ай, әттең салғырттық таныттық.
Санитарлық талаптарды сақтауға ерінеміз, маскамызды әр 2 сағат сайын емес, әр 2 ай сайын ауыстырамыз. Соның есебінен елімізде тәулегіне 13874 жағдай тіркелсе (тіркелмегені қанша), ауамен дәрі шашты, бізді улады, ауруды қолмен жасады деп басқаны кінәлаймыз. Құрметті оқырмандар, тізесі шығып кеткен әңгіме болса да қайталап тағы айтайын, маска тағыңыздар, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыздар, вакцина, ревакцинация алыңыздар. Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығы тек сізге ғана керек", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952050-basqany-kinalaimyz-laila-sultanqyzy-otandastaryn-barynsa-saqtanuga-saqyrdy/